«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныта алатын жандардың арамызда әлі де бар екендігі қуантады.
Осындай қайымдылықты өзіне бір бағыт екен "Далақайнар" мешітінің ұйымдастыруымен бір қой сойылып, еті 5 отбасыға үлестірілді.
Әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға етті жеткізген мешіт молдасы Дүйсенғали Көдебай жанұялардың баталарын алып қайтты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі