Мешіт – Алланың үйі. Адамзат баласының рухани тұрғыдан дамуы мен пенденің тұлабойына адамгершілік құндылықтарды ұялатуда мешіттің орны қашан да маңызды. Қазақ топырағында бой көтерген мешіттердің тәлім мен тағылымның, білім мен ғылымның рухани ордасына айналғаны – осының айғағы.
Ал Алланың үйі мешітке жағдай жасау сауабы үлкен игі іс. Осындай игілікті шулық мешіт қолға алды.
Шу қалалық "Абу Бәкір ас-Сыддық" мешітінің имамы Бахыт Нұрлыхановтың ұйымдастыруымен мешітке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Мешіттің іші, сырты, шатыры және басқа да ескірген тұстары толық жөнделуде.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі