Бүгін Шу қаласы Абай орта мектебінде "Керітартпа ағымдардан сақтану" және "Суицид" тақырыбында жоғарғы сынып мектеп оқушыларымен діни кездесу жасалды.
Аталмыш шараға "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы және наиб имамы Ибрагим Жалалиев қатысты. Оқушыларға көрсетілген тақырыпқа қатысты сүбелі насихат айтып, батымды, ақылға шықырып, көкірек көзді оятарлық сөз сөйледі.
Ал өзге ұлт өкілдерінен жиналған оқушылар тобына Ибрагим Жалалиев орыс тілінде түсіндірме жасады.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі