Меркі ауданына қарасты ауыл-аймақтарда мамыр айының кірісімен Алладан еккен егіннің берекетін тілеп, тасаттық беру жалғасуда.
Аудан бойынша бұлт көрініп, жауын жаумай, жел айдап әкетіп жатты. Кейде қатты суық болып, еккен егін, жеміс-жидектер үсіп жатты. Бірақ та, халықтың Алладан үміті бар. Тасаттық беру әліде жалғасуда. Енді бірі ірі қара мал, бірі ұсақ малды Алла разылығы үшін құрбандыққа шалып, мұң-мұқтаждарға таратуда. Ауыл болып дастархан жайып, Аллаға жалбарынуда.
Алла Тағала дұға тілектерімізді қабыл етіп, аспаннан жаудырып, жерден өндіріп бергей!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі