Алла үйі болған мешіттерге қандай ба бір жақсылық жасалса, Раббымыз сауабын кем қылмай берері сөзсіз.
Осы тұрғыда "Тоғай" ауылдық мешіті суды сырттан тасып келгенін еске салайық. Күні кеше мешіт имамы Жанат Сағитовтың ұйытқы болуымен көптен күткен игі іс бас көтерді.
Мешітке және дәретханаға қарай су тартылды. Енді мешітке келген жамағат дәрет алу мәселесінде жайсыздықтан арылып, мешіт ауласын да суғаруға жеңіл болмақ.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі