Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің дәретханасының кірпіші қаланды. Айтулы шараға аудан бас имамы Қанат Әділханұлы, мешіт қызметкерлері және жамағат қатысты.
Аудандық мешіттің дәретханасында бір мезгілде 10-нан аса адам дәрет алуына мүмкіндік қарастырылады. Дәретханада ерлер мен әйелдерге және мүгедек жандарға арнайы орындар қамтылатын болады.
Шара соңында осы іске мұрындық болған кәсіпкерлерге Қанат Әділханұлы алғысын айтып, дұғасын жасады.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі