Қыздар арасында облыстық Құран сайысы өтті

Қыздар арасында облыстық Құран сайысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адамзатты тура жолға бастауға жіберілген, кемел адам қалыптастыратын қағидалардан тұратын Құранның бойында бізге құпия қаншама қазына жатыр десеңізші... Құран – Алланың берік тұтқасы әрі ашық нұры. Ол тұтқадан ұстағанды Алла Өзі сақтап, ол нұрға ергендерді Алла Өзі құтқарады.

Жас ұрпақ арасында осы Құранды жаттаушылар көп болсын деген ниетпен Тараз қалалық "Әулие ата" мешітінде қыздар арасында Жамбыл облыстық Құран сайысы өтті. Игі шара қасиетті Құран аяттарымен ашылып, Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаев кіріспе сөз сөйледі. Сайысқа қатысушы қыздарға сәттілік тілеп, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтың сәлемін жеткізді. 

Қыздардың Алланың кәләмін оқудағы сауаттылығын, даусы мен махраджын, мақамын тексеріп, үздіктерді анықтау үшін құрылған әділқазы алқасының құрамында дінтанушы, PhD докторант, "Кеңесхан қажы" мешітінің ұстазы Зейнеп Жәдіргерқызы мен "һибатулла Тарази" мешітінің ұстазы Жібек Қолағұлова, "Әулие ата" мешітінің ұстазы Мурват Аңсарова болды. 

Бірінен бірі асып түскен жастар арасынан оқ бойы озып шығып, қыздар жүлделі  1, 2, 3 орындарды иеленді. Барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталып, басты жүлдегерлер қаржылай сый-сыяпат алды. Қыздар облыс бас имамы Бейбіт Әліпбекұлының алғыс хаттымен марапатталды. 

Ал аталмыш іріктеу сайысында үздік шығып,  1-ші орыннан көрінгендер  Республикалық қыздар арасынданғы Құран сайысына жолдама алды. Атап айтсақ: 

5 пара - Сунейна Хусей

10 пара - Айша Махунова

20 пара - Мадина Алпысбаева 

30 пара - Жәмилә Хусей

Айта кетейік, жарысқа 10-12 жас аралығындағы жеткіншектер қатысты. Алла ілімді, қари қыздарымыздың қаратын арттырсын!

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: