#Шу: Ауыл тұрғындары тасаттық беруде

#Шу: Ауыл тұрғындары тасаттық беруде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тасаттық – құрғақшылық және қуаңшылық кезде Алла Тағаладан жаңбыр тілеу үшін атқарылатын діни рәсім. Мұны дінде «Жаңбыр сұрау дұғасы» немесе «Жаңбыр сұрау намазы» деп атайды. Арабшасы «истисқа» («жаңбыр сұрау») деп аталады.

Шу ауданына қарасты барлық ауылдарда мұсылман қауым түгелімен, қариялары да, балалары да, ерлері де, әйелдері де намаз оқылатын алаңға шығып, Алла Тағаладан кешірім сұрап, тасаттық беруде. 

Атап айтсақ, Жайсан ауылында "Жаңабай баба" мешітінің молдасы Қыдырбек Сисеновтың ұйытқы болуымен 2 қой құрбандыққа шалынып, дастархан жайылды. Жалпы 204 000 теңге жұмсалды.

Белбасар ауылында да тасаттық береліп, жиын соңында имам Бақыт Тилемисов  экстремизм жайлы және ауыз біршілік турасында уағыз жүргізді.

"Асайын кәлпе" мешіті де тасатық ұйымдастырып, 1 басы 70 000 теңге тұратын 2 қойды құрбандыққа шалып, дастархан жайды.

Ал үнемі қайырымдылық істе алдыңғы шепте жүретін "Ж.Жексенбай" мешітінде жұма намазын өткізген соң бүкіл жамағат Шу өзенінің бойына  қарай бет бұрды. Ауыл болып тасаттық беріп, мұсылманның ауырғанда шипа сұрағаны, қиналғанда жәрдем сұрағаны сияқты, құрғақшылықта да Алладан жаңбыр сұрауы табиғи құбылыс.

"Жаңбырдың қаншалықты керек екенін Аллам бізден жақсы біледі. Дегенмен Рахым иесі Алла пенделердің күнәләрін жеңілдетіп қою үшін, оларды тәубе еттіру үшін осылай сынақпен хикмет етеді. Алла тағала момындарға аса қамқор, ерекше мейрімді Ұлы хикмет иесі" - деп насихат айтты мешіт имамы Шүкірәлі Бердібеков.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

   

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: