Меркі ауданы, Тәтті ауылында Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, Меркі ауданының құрметті азаматы Қайсарбай Ыдырысовтың туылғанына 100 жыл толуына арналған «Ат үстінде өткен ғұмыр» атты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында, Тәтті ауылында ұлттық ойындар, аламан бәйге, көкпар және т.б. ұйымдастырылды.
Бірнеше қазақ үйлер тігіліп, қонақтарға арнайы дастархан жайылды. Асқа арнайы шақырылған Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы мерейтойда сөз сөйлеп, атамыздың рухына Құран бағыштап, сыйлы қонақ болып қайтты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі