#Байзақ: АУДАН БАС ИМАМЫ ЖАС СПОРТШЫЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

#Байзақ: АУДАН БАС ИМАМЫ ЖАС СПОРТШЫЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы  «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының Байзақ ауданындағы 8 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жас спортшыларымен жүздесті.

Жүздесуге аталған спорт мектебінің басшысы Аслан Асықбекұлы және спорт мектебінің ұжымы, жас спортшылар мен бапкерлер қатысты.

Қанат Әділханұлы: «Ислам діні өз қоғамын қуатты да айбынды болуы үшін, спортқа ерекше көңіл аударып, онымен айналысуға шақырады. Қасиетті Құранның 42 жерінде «қуат» сөзі кездеседі. Әбу Һурайра жеткізген хадис-шәріпте хазреті пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы мәселеге байланысты«Екеуінде де өз қайыры болса да, қуатты мүмін Аллаға, әлсіз мүміннен жақынырақ және сүйіктірек», – деген (Имам Мүслім).

Басқа бір хадисте пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)«Расында, сенің Раббыңның сенде ақысы бар, сенің денеңнің сенде ақысы бар, сенің отбасыңның сенде ақысы бар және сенің қонағыңның сенде ақысы бар, сол үшін сен ақысы барлардың ақысын бер», – дейді (Имам Әл-Бұхари, имам Мүслім). Демек, спорт – ағзаларымыздың ақысы. Ол денемізді шынықтыру арқылы өтелмек», - деді. 

Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: