"Кеңесхан қажы" мешітінде 9 мамыр күні мешіт ұстазы Салтанат апа бастаған мешіт шәкірттері ІІ дүниежүзілік отан соғысында шейіт кеткен ата-бабаларымызға арнап құран оқыды.
Ұлан байтақ жерімізге ие боп қалуымыз үшін тер төгіп, қасық қаны қалғанша қорғап өткен ата-бабаларымызға, сұм соғыс жылдары тыл жұмыстарында еңбек еткен апа-әжелерге 9 рет Құран хатым оқылып, бүгінгі жиында сауабы бағышталды.
Көпшілік бірлесіп дұғасын жасап, біз үшін елін-жерін мұра етіп қалдырған боздақтардың рухына Алладан мейірім сұралып, халқымыз үшін дұға жасалды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі