Жамбыл облысы бойынша өткізіліп жатқан "Діни керуен" жарысы Шу ауданына да келіп жетті. Шу аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыру жұмыстарына атсалысуымен жасалған жоба аясында "Жәми" мешітінде мешіт жамағаты арасында ұлтты спорттық ойындардан сайыс өтті.
Көпшілік асық ату, қол күрес, арқан тартыс, ләңгі тебу бойынша сынға түсіп, өз ептіліктерін көрсетті.
Көшіліктің сергіп, ауызбіршілікте болуына себеп болған шарада үздіктер анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі