Қордай ауданында жазасын өтеп келген кісілермен РАНТ мүшесі Мәди Ахметов пен ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы кездесті.
Дін мамандары ізгі қоғам турасында мардымды насихат айтып, жақсылыққа шақырып, жамандықтан тиылу, түзу жүріп, өз өмірін жақсы арнаға бұру, тәубеге келу жайында уағыз айтты.
Қоғамның жақсы болуы әрбір адамның өз-өзімен жасаған жұмысынан кейін орын алатындығын сөз етіп, имамдар көпшілікті күнәлі, қылмысты істерден бойды аулақ ұстауға шақырды.
Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі