#Қордай: Әйел-қыздар жамағаты мешіт ауласына тал отырғызды

#Қордай: Әйел-қыздар жамағаты мешіт ауласына тал отырғызды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адамзат өз тарихында осы күнге дейін әлі ағаштан артық ауаны тазартатын бірде-бір қондырғы ойлап таба қойған жоқ. Ағаштың ауаны тазартқанымен қатар оны реттеп, шудың азаюына ерекше пайдасын тигізеді. Табиғаттағы тепе-теңдікті сақтап тұрған да ағаш екен. Ыстықты, аязды басып, ылғалдылықты сақтап, жаңбырдың уақытында және табиғи тәртіппен жаууын­ реттейді, топырақтың құнарлығын сақтайды, дауылдың екпінін азайтады. Қысқасы, бесік, табыт, яғни адам өмірге келгеннен кеткенге дейін игілікке жарайды. Сондықтан, ағаш отырғызу ұрпаққа мұра қалдырғанмен пара-пар.

ҚМДБ әйел-қыздар секторы, аудандық "Қордай" мешітінің ұстазды Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағаты ағаш отырғызу науқанын өткізді. 

Нәзік жанылар орталық және ауылдық мешіттердің ауласына түрлі жеміс ағаштарын отырғызып, әр дарақты еккенде дұғасын жасады.  

Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: