Қордай ауданына қарасты "Темір зауыт - Ықшамды" шағын ауданында №5 орта мектептің ұстаздары мен оқушыларына арналған діни жүздесу жасалды.
Шараға РАНТ мүшесі Мәди Ахметов пен ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы, Дін проблемаларын зерттеу орталығының маманы Мұқтар Саитов қатысты.
Мамандар жастарға дін турасында дұрыс бағыт-бағдар, жол көрсетіп, дұрыс діни білім алу үшін мешіттерге жүгіну керектігін баса айтты. Дінге келгенде түрлі ағымдарға лесіп кетпеу үшін ақпарат беріп, жат ағымның алдын алу бойынша жұмыс жүргізді.
Оқушылардың сұрақтарына дәлелдер келтіре отырып дәйекті жауаптар берді.
Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі