Қордай аудандық "Имамдар үйінде" дін мамандарына арналған семинар-тренинг жасалды. Аталған семинарды РАНТ мүшесі Мәди Ахметов жүргізді. Шараға аудан бас имамы Асқар Зәкіржанұлы қатысты.
Білікті маман "Деструктивті бағыт - дін емес" тақырыбында сөз қозғап, жат ағым ұстанушыларының ұстанымдары, қателіктері турасында ашып айқындап жеткізді.
Жат ағымның алдын алу іс-шаралары қалай жүргізілетіні жайлы жеке тәжірибесімен бөлісіп, имамдарға бірқатар кеңестер берді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі