Жамбыл облысы дін істер басқармасы мен Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті жұма күні жұма намазынан кейін, «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында мешітке келушілер арасында ұлттықспорт түрлерінен (асық ату, арқан тарту, ләңгі тебу, гір тасын көтеру және т.б.спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты, тұрғындар арасында діни тағаттылықты арттыру, конфессияаралық достықты сақтау, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу, патриоттық сезідерін арттырып, салт-дәстүрімізді, дінімізді насихаттау болды.
Жүзден жүйрік, оқ бойы озық шыққандарға алғыс хаттар мен медаль табысталып, діни кітаптар сыйға тартылды.
Алла Тағала қасиетті жұма күні орындаған құлышылықтарымыз бен дұға-тілек ниеттерімізді қабыл еткей!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі