Жамбыл облысы, Байзақ ауданында «Ізгі қоғам» аясында «Әке – отбасының тірегі» атты қалалық әкелер форумы өтті.
Қоғамда саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыруды, ата-ананы ортақ алаңға жұмылдыруды, рухани құндылықтарды насихаттауды мақсат еткен «Сенімен Болашақ» РҚБ бүгінде еліміздің 18 аймағында филиалдары жұмыс жасауда. Форум еркін форматта өтіп, қатысушылар бала тәрбиесіне қатысты пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.
Тараз қалалық «Әулие - ата» мешітінің бас имамы Аманбаев Ержан Маханұлы сөз сөйлеп, спикерлерге әкелер тарапынан сұрақ-жауап айдары ұйымдастырылды. Сөз сөйлеген спикерлерге «Сенімен Болашақ» РҚБ төрайымы Исмағұлова Жансая Бердімұратқызы және Тараз қаласы білім бөлімінің басшысы Қожамжарова Раушан Пернешқызы тарапынан «Сенімен Болашақ» РҚБ алғыс хатымен марапаттау қағаздары тапсырылды.
"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі