#Меркі: «Меркі ет комбинаты» халал сертификатын алды

#Меркі: «Меркі ет комбинаты» халал сертификатын алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақта «Басқа амандық, асқа адалдық берсін» деген сөз бар. Алла Тағала Құранда былай дейді: «Әй, адамдар! Жер бетіндегі нәрселердің халал әрі тазасынан жеңдер!» («Бақара» сүресі, 168-аят).

Алла Тағала адамзатқа Алланың атымен бауыздалған төрт түлік мал, құс, кейбір жабайы аңдарды халал етті. Ал Алланың аты айтылмай бауыздалған мал, құс, сонымен қатар, шошқа еті, қан, өлексе т.б. харам етілді. 

Осы орайда, қасиетті жұма күні Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінде аудан бас имамы және ҚМДБ-ның «Халал даму» бөлімінің Меркі ауданы бойынша жауапты өкілі Азамат Берікұлы Меркі ауданында орналасқан «Меркі ет комбинаты» қасапханасына халал сертификатын табыстады.

Және де аталаған ет комбинатының алты бірдей қасапшысы арнайы оқу семинарынан өтіп, халал қасапшы куәліктеріне ие болды. Алла Тағала басымызға амандық, асымызға адалдық берсін!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: