#Меркі ауданы: Жаңа мешіт бой көтергелі жатыр

#Меркі ауданы: Жаңа мешіт бой көтергелі жатыр

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Беларық ауылы тұрғындары  жаңа мешіт құрылысына байланысты жиналыс өткізді.

Меркі ауданына қарасты Беларық ауылында жаңа мешіт бой көтергелі жатыр. Меркі ауданы бас имамы Азамат Берікұлы да осы істің басы-қасында жүріп, ел игілігіне берілетін мешіттің түзу бой көтеруіне ат салысуда.

Беларық ауылында құрылтай өтіп, мешітті кім салады, жұмысшылар мәселесі, ғимараты қанша шаршы метр болу керек деген сияқты мәселелер талқыланды. Мешітке ыңғайлы орын дайындалып, бастапқы жұмыстары пысықталды. Алдағы уақытта ауыл тұрғындары жаңа әрі толықтай жабдықталған мешітте құлшылық етуге мүмкіндік алады деп жоспарлануда.

Жиында бас имам Азамат Берікұлы: «Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға атсалысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды». Жалпы, мешіт салудың сауабы қаншалықты үлкен екені жайында Алла Тағала Құран Кәрімде: «Алла Тағаланың мешіттерін тек Аллаға және ақырет күніне иман еткен, намаз оқыған, зекетін берген және Алладан басқа ешкімнен қорықпайтындар ғана салады», – дейді (Тәубә сүресі, 18-аят). Ең бастысы сауапты іс жасаймын деген азамат қайырлы істі Жаратушының разылығын алуды мақсат етуі керек. Елдің көркеюіне, халқымыздың діни және рухани дамуына, жастардың дұрыс тәлім-тәрбие алуына үлес қосамын деген ниетті жандар ауданымыздың іргелерінде қарқынды жүріп жатқан мешіт құрылыстарына мүмкіндігінше қол ұшын беріп, сауаптан үлес алуға асығу керек», - деп мешіт салудың маңыздылығын атап өтті.

Жиналыс соңында жайылған ақ дастарханнан дәм татып, елімізге, жерімізге дұға жасалды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: