"Күнту баба" мешітінде имам Берік Ауесбаевтың ұйытқы болуымен мұқтаж отбасыларға 3 бас зекет таратылды.
Зекет парыз болған кәсіпкер, жомарт азаматтар Алла үйіне зекетін мал санымен тапсырды. Бұл аманатты қабылдап алған имам әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың үйіне жеткізіп, атап табыс етті.
Жанұялар зекет берушілерге де, себепші болған имамға да алғысын айтып, дұға-тілектерін айтты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі