Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бәйтерек ауылдық округінің ардагерлері мен аудан бас имамы Қанат Әділханұлы кездесті.
Огруг ақсақалдары қатысқан басқосуда көтерілген мәселе «Жаназа және жерлеу рәсімдерінде» орын алып жатқан ысырапшылдық сөз болды.
Аудан бас имамы Қанат Әділханұлы «Өмір бар жерде өлім бар. Шынында да қаза болған үйде ағайын туысқандары ысырапшылыққа жол беріп жатады. Алла тағала Құран Кәрімде бұл жайлы: «Байлық пен балалар – дүние тіршілігінің сәні. Ал бақи қалатын жақсылықтар Раббыңның қасында табысы мол әрі үміт етуге тұрарлық», – дейді («Әли Имран» сүресі, 185-аят).
Саналы ғұмырында әрбір ақыл-есі дұрыс адам ажал жетпей тұрып Алла Тағалаға құлшылық етіп, өзіне жүктелген парыздарды орындауы тиіс.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадис шәріпінде: «Жеңдер, ішіңдер, садақа беріңдер және киініңдер, бірақ ысырапшылдық пен дандайсуға жол бермеңдер» – деген. Бүгінгі әңгімемізде біз пәниден бақиға өтуші жанға қатысты орындалуы тиіс мәселелерді сөз етпекпіз», - деді.
Ауыл ақсақалдары көкейлерінде жүрген сұрақтарын қоюмен қатар, мәселеге қатысты өз ұсыныстарын алға тартты.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі