#Шу: Көкқайнар ауылында тасаттық берілді

#Шу: Көкқайнар ауылында тасаттық берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақта "Жұт жеті ағайынды" деген ұғым бар. Осы ұғымның жалғасы ретінде "Жұт жетеу, содырмен сегіз, салақпен тоғыз, олақпен он" деген мақал да сақталған. Халық даналығы осы арқылы табиғат апатының зардабы адамның өзіне байланысты екенін аңғартқан. Ертеде ата-бабаларымыз мұндай жағдайлардан әртүрлі жолмен сақтануға тырысқан.

Осы мақсатта Көкқайнар ауылында ауыл молдасы Тимурлан Оразбаевтың ұйытқы болуымен тұрғындар бірлесіп тасатық берілді. Бір бас ірі қара және үш қой сойылып, еті мұқтаждарға таратылды. 

Айта кетейік, тана құны 180 000 теңге, ал қойдың бағасы 180 000 теңге алынды және 100 000 теңгеге қаржылай көмек берілді. Жалпы тасаттық үшін 460 000 теңге жұмсалды.  

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: