Ораза айты мұсылмандардың ұлы екі мейрамының бірі. Ол күнді құлшылықпен бастап, қуанышпен өткізу сауапты іс. Осы орайда, Меркі ауданы имам-молдалары аудан тұрғындарына айттық қоржындарды табыстады.
Күн-түн демей имам-молдаларымыз айттық қоржындарды үй-үйге жеткізіп, аудан тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлады. Онымен қоса ақшалайда сыйлықтар таратты.
Көмек алған отбасылар осы іс-шараға атсалысқан барша бауырларымызға өз ризашылықтарын білдіріп, Алладан дұға, тілек тіледі.
Алла Тағала құлшылықтарымызды, жақсылықтарымызды қабыл етіп, сауаптан жазғай!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



15 Январь 2026
26 Раджаб 1447

