Иғтикаф бір жерде күту, тұру, сол жерден шықпау деген секілді мағыналарды білдіреді. Яғни, діни түсінікте Рамазан айының соңғы он күнін мешітте өткізу.
Айша анамыздың айтуынша, Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с.) Рамазан айының соңғы он күнінде иғтикаф жасайтын. Бұл әдетін өмір бойы үзбеген екен.
Меркі ауданы бойынша иғтикаф құлшылығы рұқсат етілген аудандық орталық «Меркі ата» мешітінде иғтикаф құлшылығында болып, Пайғамбарымыз (с.а.с.) сүннетін тірілткен бауырларымызға аудан бас имама Азамат Берікұлы мешіт атынан сыйлығын табыстады.
Және де жиналған жамағатқа иғтикаф құлшылығын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Уағыз соңында жамағат сұрақтарын қойын тұшымды жауаптарын алды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі