Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылы «Әл-Кәрим» мешітінде алғашқы айт намазы оқылды. Олай дейтініміз мешіттің ашылу салтанаты өткен жылдың аяғвнда болған еді.
Айт намазы алдында уағыз айтылып, бұл мерекені қалай өткізу керектігі насихатталды. Артынша қасиетті Рамазан айында тарауық намазынан қалмай қатысқан мешіт жамағатына сыйлықтар табысталды.
Жамағатпен Ораза айт намазы оқылып біткен соң, о дүниелік болған ата-бабаларға дұға жасалды.
Мешітке келган жамағат мешіт алдына арнайы жамағат үшін жайылған айттық дастарханнан дәм татып, мерекелік көңіл-күймен айттауға бет алды. Алла Тағала Ораза айтты құтты да берекелі еткей!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі