#Жамбыл: Ораза айтта ауданда ауқымды іс-шара жасалды

#Жамбыл: Ораза айтта ауданда ауқымды іс-шара жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айттың мән-мағынасына келсек, айт - қуаныш пен шаттыққа толы күн деген мағынаны немесе «мереке», «мейрам» деген ұғымды білдіреді екен. Алла Тағала айт сайын адам баласына әр түрлі жақсылықтар береді. Ораза айт мейрамы үш күн бойы тойланады. Айт мейрамы алдымен айт намазын оқумен бас­талады. 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлының ұйымдастыруымен «дін мен дәстүр» бағыты аясында қасиетті Ораза айт мерекесінің құрметіне орай ауданда ауқымды іс-шара өтті. Аудан әкімі және әкімнің аппараты мен ішкі саясат бөлімінің басшысылары  қатысып сөз сөйледі. 

Ораза айт күні дәстүрімізді насихаттау мақсатында Аудандық мешіттің жанынан киіз үй тігіп мешіт ауласына айттық дастархан жайылып, ұлттық ойындар: асық ату, арқан тартыс, қол күрестен сайыстар өткізіліп,  тәтті кәмпиттер таратылып жамағатқа көңіл күй сыйлады. Сонымен бірге, ауданның бас имамы «балаларға базарлық» таратып, ұлттық ойындардан жеңген жеңімпадарға қаржылай сыйлықтар таратылды. 

Шараға қатысқан аудан ақсақалдары ақ дастарханға бата қайырып, мешіт жамағаты атқарылып жатқан игі іске өз ризашылықтарын білдірді.  Бұл күні Алланың разылығы үшін бір ай бойы ауыз бекітіп, мұсылмандықтың бес парызының бірі саналатын Оразаның шарттарын орындаған жандар ауыздарын ашады.

Мұсылмандар Оразамен қимай қоштасып, Алла Тағалаға қасиетті Рамазан айына амандықта-саулықта жеткізгеніне шексіз алғыс айтып, келесі Рамазан айына да есендікте жетулерін тілеп, мінәжат етеді.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: