Қасиетті Рамазан айынан соң исі мұсылманды тағы бір қуантатын мереке - Ораза айт мерекесі.
Айтулы мейрамның құрметіне облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде пітір садақадан айттық таратылды.
Көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі жанұя мүшесі бар 80 отбасыға қаржылай көмек табысталды. Жәрдемді үлестірген имам айт мерекесі жайлы әдемі насихат айтты.
Тұрғындар мейрам күні жасалған қайырымдылық үшін алғыстарын білдірді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі