"Кеңесхан қажы" мешітінің қыз-келіншектері қасиетті қадір түнін мешітте бірге қарсы алды. Мешіт ұстазы Зейнеп Жәдігерқызының бастамасымен жастарды қайырымдылыққа баулу мақсатында мешітте қадір кешін құлшылықпен өткізуге келген жамағатқа тәттілер таратылды.
Қыздар тәтті, бәліш, салат сынды өздері дайындаған тағамдарды келушілерге ұсынды. Жамағат бірге таспих намазын оқыды. Уағыз-насихат тыңдап, құлшылыққа ерекше мән беріп, Аллаға мадақ-зікірлер айтты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі