Мың айдан қайырлы Қадір түнін құлшылықпен өткізу үшін шулық жамағат "Төле би" мешітіне жиналып, бірлесіп көптеп дұға жасады. Мешітке жиналған жамағаттың қарасы қалың болды.
Қадірленіп өткен қадір кеші тарауық намазымен басталды. Рамазан бойы оқылған Құран хатымының соңғы парасы оқылып, дұғасы жасалды. Аталған мешіттің имамы Талғат Кәрібайұлы жамағатқа қадір түні жайында және басқа да имандылық тақырыптарында уағыз жүргізді.
Қадір түні жасалған Құран хатымының дұғасы жасалып, бір ай бойы намазда Құран оқыған Нұрмұхаммед Садықұлы қариға 500 000 теңге сый-сыяпат табысталды. Көпшілік алғас айтып, рақметін жаудырып, қариялар батасын берді.
Жиында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, дұрыс жауап берген кісілерге сыйлықтар табысталды. Еркін құлшылық жасалып, нәпіл намаздары оқылды. Көпшілікке сәресі асы беріліп, жамағат таң намазын оқып бірақ тарқасты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі