#Шу: Хатым түсірген қариға тұлпар мінгізілді

#Шу: Хатым түсірген қариға тұлпар мінгізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан - Құран түскен ұлық ай. Қадірі мол бұл айда қасиетті Құран Кәрімді бастан-аяқ оқып, толығымен хатым етудің жөні ерекше екені белгілі. "Қариға құрмет - Құранға құрмет" демекші, Шу оралығында орналасқан "Төле би" мешітінде 1 ай бойы тарауықта хатым оқыған қариға құрмет көрсетілді. 

Мешіт имамы Талғат Кәрібайұлының бастамасымен, жамағаттың демеушілігімен Қадір түні Нұрмұхаммед Садықұлы қариға жылқы мінгізілді. Ақсақалдар Құран жаттаған жасқа батасын берді, көпшілік игі тілегін жаудырды. Айта кетейік, Нұрмұхаммед  қари аталған мешіттің әрі шәкірті. Қари мндай сыйға қуанып, сәйгүлікке отырып, мешітке, жамағатқа алғысын айтты. 

Шара соңында Талғат имам қайырымдылық көрсеткен жігіттерге алғыс айтып, осындай қарылардың ата-анасы болсын деп батасын берді.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: