Қадір түні қарсаңында Шу ауданы "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы мешіттің белсенді, жанашыр ақсақалдарына құрмет көрсетіп, сый-сыяпат жасады.
Әрдайым осы мешіттің ішінен табылып, жастарды жұмылдырып, ақылшы болып жүрген қарияларға алғыс айтылды. Бағалы сыйлықтар мен қатар ауызашарға тәттілерін ұсынып, осындай қариялардың бар болғаны үшін алғыс айтты.
Ақсақалдар елеп-ескенген мешіт имамына разы болып, баталарын берді. Қарты бар үйдің қазынасы бар демекші, қазыналы қарттар аман болсын!
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі