Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей, кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу - әрбір адамның азаматтық парызы.
Қасиетті Рамазан айында осындай игі істер көптеп атқарылды. Оның бірі Қадір түнінің қарсаңында Шу ауданының орталығында орналасқан "Төле би" мешітінде өткен қайырымдылық шарасы.
Мешіт жанынан құрылған қайырымдылық қорымен бірлесіп, имамдар 15 отбасыға азық-түлік үлестірді. Мешіт имамы Талғат Кәрібайұлы көпшіліктің алдына шығып, Рамазан айымен құттықтап, мың айдан қайырлы Қадір түні туралы атап өтті.
Ең керекті азық салынған себеттерді таратып беріп, имам бата жасады. Көпшілік алғысын айтып, қуанышпен тарқасты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі