#Рысқұлов: Қадір түні – мың айдан қайырлы

#Рысқұлов: Қадір түні – мың айдан қайырлы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылы «Сұлтан» аудандық мешітінде Қадір түні күтіліп, жоспар бойынша түрлі сауапты іс-шаралар мен құлшылықтар жасалды. Атап айтар болсақ, Қасиетті Рамазан айының Қадір түні шам намазынан кейін мешіт жамағатына ауызашар берілді. Құптан намазының алдында ауданның бас имамы Сұлтаншәріп қажы «Қадір түнінің қасиеті» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Құптан, тарауих намаздары оқылып, тарауих намазында Оразаның құрметіне түсіріліп жатқан Құран Хатым аяқталып, жамағатпен хатым дұғасы жасалды.

 Артынша, 30 күн оразада Құранды бастан аяқ оқып тарауық намазын өткізген қариға «еңбектің тері кеппей тұрып, ақысын бер», деген сөзді басшылыққа ала отырып, мешіт жамағатының ұйымдастыруымен астына ат мінгізіп, иығына шапан жабылды.

Сонымен қатар, мешітке демеушілік қылған ауыл жастарын да елеп, ескеріп, мешіт имамдары жамағаттың алдында өз алғыстарын білдіріп, алғыс хатпен марапаттап, кішігірім сый-сыяпат жасады.

Және қасиетті түнді мешітте өткізуге келген тұрғындарға діни сұрақ-жауаптар жасалып, һәдияға кітаптар табысталды. Сосын мешіттің наиб имамы Қуаныш Түзелбеков  «Түнгі намаздың сауабы» атты тақырыпта жамағатқа уағыз айтып, артынан тәсбих намазы оқылды. Осы құлшылықтардан кейін арнайы дастархан жайылып мешіт ауласында киіз үй тігіліп, сәресі берілді.

Қуаныш Түзелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіт баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: