Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Үлгілі ауылдық «Абдімажит» мешітінің жамағатымен кездесті.
Қанат Әділханұлы: Құрметті жамағат, Алла Тағала Құранда: «Біз Құранды қадір түнінде түсірдік», - дейді. Бүгін Алланың қалауымен сіздердің ауылдарыңызда Хатым Құран түсіріліп дұғасы жасалды. Алла қабыл етсін. Бұл түнді босқа өткізбей құлшылықпен, ғибадатпен өткізген абзалырақ болады. Қадір түні – тағдыр жазылатын түн екенін ұмытпауымыз керек», - деді. Жамағатқа уағыз айтқан бас имам бір парадан жастар арасында өткен Құран жарысына қатысып, тағайындалған сыйлықтарды табыстады.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі