#Меркі ауданы: Қасиетті Қадір түні жамағатпен күтілді

#Меркі ауданы: Қасиетті Қадір түні жамағатпен күтілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айлардың сұлтаны - Рамазан айы болса, сол Рамазан айының ең құнды, ең қасиетті түні - Қадір түні.

Кейбір риуаяттарға қарағанда Қадір түні Рамазан айының 27-ші түні дегенмен Қадір түнінің дәл қай түн екені нақты белгісіз. Бірақ Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадис шәріптері Қадір түні Рамазан айының соңғы он күнінің біріне және тақ түндеріне сәйкес келетіндігін нұсқаған. Ислам ғалымдарының көзқарастары бойынша, бұл түн Рамазан айының тақ түндеріне, әсіресе, 27-ші түніне сәйкес келеді.

Осы орайда, Меркі ауданы орталық «Меркі ата» мешітінде және де ауданға қарасты барлық мешіттерде Қадір түні күтіліп, жамағат арасын нығайтатын түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

Атап айтсақ, ауданға қарасты мешіттерде 1500 жуық адамға ауызашар дастарханынан дәм татып, 500-ге тарта жамағат таң рауандап атқанға дейін қасиетті Қадір түнін күтті.

Аудан имамдары, ең алдымен, мың айдан қайырлы, Құран түскен Қадір түнінің сауабынан үміт етіп мешітке келген жамағатқа бұл түннің қадір-қасиетіне тоқталып өтті.      

Орталықта орналасқан 4 мешітте Тарауық намазы оқылып, Құран хатымы аяқталды. Арасында жамағаттың діни сауатын көтеретін түрлі викторыналық сұрақтар қойылып, белсенділік танытқандарға сыйлықтар берілді.

Құран - Алланың сөзі. Жамағат арасында Құранға деген сүйіспеншілік арттыру мақсатында Құраннан жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздарға түрлі сыйлықтар табысталды.

Таң ата жамағатқа сәресі беріліп, Қадір түні жасаған амалдарымыз бен ниеттерімізді, тілектерімізді Алла Тағала қабыл етсін деп дұға етіліп, ел-жұртымыздың амандығы мен тыныштығы сұралды.

Ауданға қарасты барлық мешіттерде халықтың игілігі үшін осындай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Ауданға қарасты мешіттерде күтілген биылғы Қадір түні осындай ерекшеліктерімен есте қалды. 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: