#Байзақ: "ҚАДІР ТҮНІМ - ҚАСИЕТІМ" АТТЫ РУХАНИ КЕШ ӨТТІ

#Байзақ: "ҚАДІР ТҮНІМ - ҚАСИЕТІМ" АТТЫ РУХАНИ КЕШ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінде «Қадір түнім қасиетім» атты рухани кеш өтті.

Кештің басында Қанат Әділханұлы: «Бүгін Алланың қалауымен сіздермен Қадір түнінде қауышып отырмыз. Қадір түні тағдыр түні, әрі Құран түскен түн. Себебі, Алла Тағала қасиетті Құранда: «Расында біз Құранды қадір түнінде түсірдік», - дейді. Бұл түні барлығымыз көптеген ізгі амалдар жасауға тырысамыз. Атап айтар болсақ, таспих намазын оқу, Құран оқу, сұрақ-жауап, бата жарысы және т.б. амалдарды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі Қадір түні баршамызға құтты мүбарак болсын», - деді.

Бас имамның уағызынан кейін мешітте Құптан және тарауах намаздары оқылып, хатым дұғасы жасалды. Жамағат Кенжебаев Құттыбек қариға алғыстарын білдірді.

Қадір түнінде мешіт жамағатына «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Бердалиев Мұхит және Қосақ ауылдық «Қосақ» мешітінің имамы Каримбаев Айбек уағыз-насихаттарын айтты.

Мешіт жамағатына викториналық сұрақтар қойылып, ойын ұйымдастырылды. Қатысушыларға қаржылай және ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

Одан кейін бата жарысы өтіп, жамағат бас имамға сұрақтарын қойып, еркін құлшылық жасады. Бас имам таспих намазы мен үтір намазын өткізіп, мешіт ақсақалы қадір түніне келген жамағатқа ақ батасын беріп, көпшілік тарқасты.

Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: