Қасиетті Рамазан айында Меркі ауданына қарасты зиялы қауым өкілдерінің жиыны өтті.
Жиын ауданның бас имамы Азамат Берікұлының Меркі жерінен шыққан батырлар рухына, Алаш азаматтарына арнап Құран оқуымен басталды. Артынша Рамазан айымен құттықтап, елімізге, жерімізге дұға жасады.
Меркі ауданы әкімі Жорабек Нұрмергенұлы өз кезегінде жиылған қауымды Рамазан айымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар, Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Байсейіт Жылысбаев, Жазықбаева Ақбөпе мен Иманалиев Қамбарбек ардагер қариялар сөз сөйлеп, аудан әкіміне ризашылықтарын білдірді. Еліміздің тыныштығы, татулығын сақтау туралы кеңінен әңгіме өрбітті.
Кездесу соңында жиналған қауымға ауызашар себеті таратылды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі