Тұрар Рысқұлов ауданы Қазақ ауылдық «Қазақ» мешітінің имамы Райбай Елдос ауылдық мәдениет үйінде мектеп жастарына арналған «Ораза – ихсан көрінісі» атты тақырыптағы семинарға қатысты. Семинарға 40-қа жуық жастар мен мектеп мұғалімдері қатынасып, өздеріне қасиетті айдың қарсаңында рухани ілімнен сусындады.
Елдос имам насихатында Ораза құлшылығының бірнеше пайдасына тоқталды. Олар: «Ораза ұстау адамның денсаулығын жақсартады. Бұл жайында пайғамбарымыз былай дейді: “Ораза ұстаңдар, дендерің сау болады.
Жылдың он екі айында ас қорытудан шаршап, бөгіп қалған денедегі асқорыту мүшелері оразаның арқасында демалады. Рамазаннан кейін жақсы жұмыс істейді. Ғалымдар оразаның денсаулық тұрғысынан организмге пайдалы екенін анықтаған.
Нобель сыйлығының иегері Француз ғалымы, доктор Алексей Корель ораза жайында былай дейді: “Ораза кезінде денеде жинақталып қалған қоректік заттар іске қосылады. Содан кейін олардың орнына жаңалары келеді. Осылайша денеде жаңару іске асады. Ораза денсаулық тұрғысынан өте пайдалы”.
Ораза адамды сабырлы болуға үйретеді: Ораза ұстау арқылы белгілі бір уақыт өзін ішіп-жеуден бас тартуға үйреткен адам өмірінде кездесетін ауыртпалықтар мен қиыншылықтарға сабырлық жасайды. Қайғы-қасіретке де төтеп бере алады. Керек болса дұшпанмен шайқасудан тайынбай, сол жолда кездесетін қиыншылықтарға төзе біледі, - деп, тыңдаушыларға ой салды.
Семинар соңында қатысушылар Елдос имамға оразаға қатысты сұрақтар қойып, жауаптарын естіп, жылы лебіздерін білдірді.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі