Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылдық «Шолпан Дәуіт» мешітінде «Ізгі қоғам – өзіңді өзгертуден басталады» атты көшпелі семинар өтті.
Семинарға аудан бас имамы Қанат Әділханұлы, «Һибатулла Тарази» медресе колледжінің ұстазы Зулпыкаров Нұрсұлтан, «Шолпан Дәуіт» мешітінің имамы Тілеуқулов Қанат және бес аймақтың жетекші имамдары мен екінші аймақ имам-молдалары қатысты.
Қанат Әділханұлы: «Адам баласы ізгілікке әрдайым өзін дағдыландыра білуі керек. Ізгі қоғамды қалай қалыптастырамыз? Өзімізді тәрбиелеумен қоғамға пайдамызды тигізе аламыз. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Адамдармен араласып, олардың көрсеткен жәбірлеріне сабыр еткен мүмин, адамдармен араласпайтын, олардың көрсеткен жәбірлеріне сабыр сақтамайтын мүминге қарағанда қайырлы», - деді.
Семинарға арнайы шақыртумен келген Зулпыкаров Нұрсұлтан ұстаз имамның бойынан табылуға тиіс ізгілік қасиеттерге тоқталып өтті.
Семинарға алыс-жақын ауылдардан келіп қатысқан имам-молдалар дәріс оқыған ұстаздарға өз көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі