Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің ұйымдастыруымен биыл да қасиетті Рамазан айының құрметіне Меркі - Алматы бағытында екі тарапқа да «ТЕГІН ТАКСИ» акциясы ұйымдастырылды.
Акция негізінде аудан тұрғындары діттеген жерлеріне ешқандай ақы төлемей еркін жетіп алды. Көлік жүргізушілері халықты ұлты мен дініне қарамай қажетті мекен жайына тегін жеткізді.
Қызметті пайдаланған бауырларымыз мешіт қызметкерлеріне разы болып, алғыстарын білдірді.
Қасиетті Рамазан айы мүбәрәк болғай!!!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі