Жылына бір-ақ рет келетін қасиетті айда әрбір мұсылман барынша сауапты амалдар жасап қалғысы келеді-ақ. Ал оған рухни жігер беріп, бағыт-бағдар беретін дін маманы - имамдар.
Міне, 30 күнде рухани азық алып, иманды көтеру мақсатында Қордай өңірінің имамдары "30 күнге 30 уағыз" айдарымен күнде насихат жүргізуде.
Ихсан, көркем мінез, ата-анаға құрмет, ораза, Құран оқу сынды құлшыққа бағытталған тақырыптарда халыққа үгіт-насихат айтылып, сауалдарға жауаптар берілуде.
Рамазан аяқталғанша аталған уағыз жиындары толастамай барлық мешіттерде жалғасын таппақ.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі