Қазақтың ұлттық дәстүрінде адамгершілікке баулитын, тіршілік иесіне зиян келтірмеу мен қоршаған ортаға жанашырлық сезімін тудыратын тәмсіл-ғұрыптар жеткілікті. “Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын” деген даналық сөздің өзі адамға байлықтан гөрі жасыл желектің орасан пайдасы барын айшықтап тұрғандай.
Қордай ауданының мешіттерінде Алла үйіні ауласын абаттандыруға арналған іс-шаралар өтті.
Мешіт имамдары мен жамағат 100-ден астам жеміс ағашы, шырша ағаштарын отырғызды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі