Қордай аудандық мешітінде "Рамазан және бас имам" сағаты өткізілді. Мешіт жамағатына бас имам Асқар Зәкіржанұлы "Алладан қорқу" турасында уағыз-насихат айтты.
Имам Алладан қорқудың тақуалыққа апаратынын көрем насихатында әдемі жеткізді. "Ихсан ілімінің басты нысаны-мүміннің Алланың қаһарынан қорқу, Оның рахымынан үміт ету, қайда жүрсе де Алланың көріп тұрғанына иман келтіру болмақ. Бұл шынайы құлшылық болып саналады. Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде былай деп бұйырған: Алла Тағала Құранда: «Олардан қорықпаңдар, Менен қорқыңдар, егер, иман келтірген болсаңдар!» («Әли Имран» сүресі, 175-аят)" - деп ата өтті ол.
Сонымен қатар Алладан қорқып, нәпсісін тиған адамның баратын жері жаннат екенін жеткізді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі