#Қордай: Ихсан – тақуалықтың шыңы

#Қордай: Ихсан – тақуалықтың шыңы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық "Қордай" мешітінің наиб имамы Нұрбол Солтанбек мешітке жиналған жамағатқа "Ихсан" турасында уағыз жүргізді. 

Ихсан - Алланы көріп тұрғандай құлшылық жасау, үнемі Алланың бақылауында екенін естен шығармай әрбір істе Алламен байланыста болу. Пенде осы бір ілімді түсініп, іске асыра бастағанда рухани кемелдікке жетеді, қоғамдағы бұзақылық та азаяр еді. Міне, ихсан тақырыбындағы үгіттің маңыздылығы осыдан туындап отыр. 

"Адам баласы құдды бір тәрбиені, қадағалау мен бақылап отыруды қажет ететін нәресте іспетті. Жүріп тұруы, тамақ жеуі, ұйықтауына дейін әрдайым қарап отыруды талап етеді. Яғни адам тәрбиесін үнемі жүргізіп отырады. Абай атамыз бір сөзінде: «Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ақыретке, не дүниеге жарамды, күнін де өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің?» – деп, адам баласын өтіп жатқан өз өміріне үңілуді өсиет еткен. Хазреті Әли (р.а.): «Есепке тартылмай тұрып, өзіңді есепке тартыңдар», – деген" - деп атап өтті имам насихатында.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: