Ораза тұтқан кісіге бір құрма немесе бір кесе сүт берген адам да ауызашар бергендей сауапқа ие болады. Мұндай сауапты іс Рамазан айы басталысымен Қордай өңірінің барлық мешіттерінда ұйымдастырылуда.
Күнделікті мешіттерде жамағатқа ауызашар жайлып, имамдар насихатын жүргізіп халықты ауызбіршілікке шақыруда.
Дін мамандары сс басында рухани уағыз айтып, Рамазанды пайдалы өткізуге кеңес беруде. Әр мешіт өз ахуалына қарай 100, 200, 300 адамға дастархан жайып, 1 ай боы халыққа қызмет көрсетпек.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі