Қордай ауданында "Берекелі жұма" науқаны жасалды. Игі бастама "Қызыл жарты ай" қорымен бірлесе отырып ұйымдастырылды.
Қайырымдылық іс-шарасы аясында 150 отбасыға азық-түлік таратылды. Тұрғындар алдына имам шығып, қасиетті рамазан айымен құттықтап, насихат айтты.
Көпбалалаы, әлеуметтік аз қамтылған, мұқтаж отбасыларға көмек беруге арналған науқан мешіт ауласында жасалды. Айта кетейік, қайырымдылыққа алынған азық-түлікке 1 650 000 теңге қаражат жұмсалды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі