#Жамбыл: Жастар тәрбиесі жөнінде семинар өтті

#Жамбыл: Жастар тәрбиесі жөнінде семинар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Ардагерлер үйінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы бастаған біртоп зиялы қауым өкілдері аудандық «ардагерлер төрағасы» Бақыт Уалиұлына арнайы барып, қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

Келелі кездесуде «Жастар тәрбиесі» жөнінде сөз қозғалды. Ислам діні қашанда жастардың қоғамдағы рөлінің жоғары екенін көрсетіп, оның тәрбиесіне айрықша көңіл бөлуге шақырып келген. Себебі дұрыс бағыт алған жастар үмметтің үмітін ақтайды. Кері жағдайда, тәрбиесі ақсаған жастар дұрыс пен бұрыстың арасын ажырата алмай сағы сынады.

Қоғамда кері әрекеттер мен бүліктерге жол ашылып, елдің берекеті қашады. Бүгінде тәрбиесі ақсаған жас ертеңгі күннің қылмыскері болып шығуы әбден мүмкін. Қой үстіне торғай ұялаған заманды көреміз десек, бүгіннен бастап жастардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуіміз керек.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: