Жамбыл ауданы Жасөркен ауылы «Тұрыс» мешітінде ауыл тұрғындары мен мешіт жамағатының атсалысуымен мешіт ауласына 130 алма талының көшеттері отырғызылды.
Мешіт имамы Досмұханбетов Бауыржанның ұйымдастыруымен жүзеге асып отырған шараға әйелдер жамағаты да өз үлестірін қосты. Қазақтың «Атадан мал қалғанша, тал қалсын», деген ұлағатты мұрасының маңызын ұғынған жанға үлкен мағыналы ой тастары даусыз. Жастарды туған елге қызмет етуге, оған қамқорлық жасауға тәрбиелеу біздің борышымыз.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі