Жамбыл ауданы Қаламаңы ауылы «Хаджи Тамаль Мадина» мешітінің имамы Ансар Абиловтың ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айында ауылдық жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық көмек берілді.
Аталмыш көмек ауылдық үш отбасына үлестіріліп, 25 мың теңге қаражатты құраған. Азық-түлік ретінде көрсетілген көмекті алған отбасылар ауылдық мешіт имамына өз алғыстарын жаудырды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



16 Январь 2026
27 Раджаб 1447

